{metadescription}
Ақтөбе облысы әкімінің бұрынғы орынбасары сотталды

Ақтөбе облысы әкімінің бұрынғы орынбасары сотталды

Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық сотында Ақтөбе облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Руслан Мамуновқа қатысты сот үкімі шықты.

Ол Қылмыстық кодекстің үш бабы бойынша - алаяқтық, қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті жария еткені (жылыстатқаны) және пара беруге итермелегені үшін айыпталды. Экс-шенеунік Қостанайдың экс-әкімі Ахмедбек Ахметжановтың туыстарынан 1,2 миллион долларды заңсыз алғаны үшін кінәлі деп танылды.

Айыптау қорытындысына сәйкес, Мамунов бұл ақшаны алып, 2016 жылы аса ірі мөлшерде пара алғаны үшін сотталған Ахметжановқа үкімді жеңілдету туралы келісімге уәде берді. Алайда Мамунов оған Қостанайдың бұрынғы әкімінің әйелі мен ағасы берген ақшаны Нұр-Сұлтанда екі Lexus автокөлігі мен 2 бөлмелі пәтер сатып алуға жұмсаған.

«Сот үкімімен Мамуновқа қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесінде жазасын өтеуге 12 жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар ол өмір бойы мемлекеттік қызметте лауазым атқара алмайды. Ұрланған ақша сатып алынған екі көлік пен 2 бөлмелі пәтер тәркіленді. Үкім заңды күшіне енген жоқ», - деді қалалық соттан.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде