{metadescription}
Қазақстанға келген 276 жолаушы карантинге жатқызылды

Қазақстанға келген 276 жолаушы карантинге жатқызылды

17 қазанға қараған түні елімізге 16 әуе рейсі келді.

Оларда жалпы 1 527 жолаушы болған, оның ішінде коронавирусқа анықтамасы бар - 1251, анықтамасы жоқ - 276.

Оның ішінде:

  • Нұр-Сұлтанда алты рейс, жалпы 656 жолаушы, анықтамасы бар - 528, анықтамасы жоқ - 128;
  • Алматыда - тоғыз рейс, 764 жолаушы, анықтамасы бар - 622, анықтамасы жоқ-142;
  • Ақтауда - бір рейс, 107 жолаушы, анықтамасы бар - 101, анықтамасы жоқ - алты.

"Қазақстандықтардың 82 пайызы анықтамамен келген. Коронавирусқа анықтамасы жоқ адамдар ПТР тесттен өту үшін екі күндік карантинге жатқызылды", - деді көліктегі бас санитар дәрігер Сәдуақас Байғабылов.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде