{metadescription}
Kоронавирустың ауыр түрін емдейтін дәріні атады

Kоронавирустың ауыр түрін емдейтін дәріні атады

Дексаметазон вирустың ауыр түрімен ауыратын науқастарда COVID-19 үшін жалғыз тиімді емдік құрал болып қала береді.

Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Адханом Гебрейюс мәлімдеді.

"Қазіргі уақытта кортикостероид дексаметазон вирустың ауыр түрімен ауыратын науқастарда COVID-19-ға қарсы тиімділікті көрсеткен жалғыз емдік дәрі болып қала береді", - деді ол.

ДДСҰ дәрігерлер COVID-19-бен күресу үшін қолдануға тырысқан төрт танымал дәрі-дәрмектің алты ай ішінде жүргізілген зерттеуге негізделген алдын-ала мәліметтерін жариялады. Ұйымның сараптамалық бағалауына сәйкес, лопинавир, ритонавир, гидроксилхлорохин және ремдесивир COVID-19 жұқтырған пациенттер арасындағы өлімді төмендетуде тиімсіз болған.

Жоғарыда аталған коронавирусқа қарcы төрт дәрі-дәрмектің клиникалық сынақтары наурыз айының соңында басталды. Зерттеуге 30 елден 11 мың пациент қатысты. Нәтижесінде, бірде-бір препарат пациенттердің өміршеңдігіне, ауруханада болу ұзақтығына, жасанды желдету қажеттілігін анықтауда айтарлықтай әсер еткен жоқ. ДДСҰ басшысының айтуынша, қазіргі уақытта коронавирусқа қарсы күресте қолданылуы керек "көптеген басқа дәрі-дәрмек тексерілуде".

Дереккөз: Stan.kz

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде