{metadescription}
Қарияны өлдіге санап, тоңазытқышқа қатырған: 20 сағаттан кейін ата тіріліп кетті

Қарияны өлдіге санап, тоңазытқышқа қатырған: 20 сағаттан кейін ата тіріліп кетті

Үндістанның Тамилнаду қаласындағы бір ауылда көз жұмған қарияның денесі қозғалып, жұртты шошытты.

74 жастағы Баласубраманиан Кумар ауырып, жағдайы нашарлаған. Артынша қария көз жұмады. Немересі атасының денесін сақтау үшін арнайы тоңазытқыш алдырады. Қарияның денесі арнайы бөлімшеге жеткізіледі. Алайда ертесі күні компания қызметкерлері өлген атаның қозғалғанын байқайды.

Кумар ағасымен сөйлескеннен кейін қызметкер тексеруді талап етті. Отбасы тоңазытқышты тексеріп, қарияның тірі екенін көрген. Ол тоңазытқышта 20 сағат жатқан. Оны дереу жақын маңдағы ауруханаға жіберілді. Бірақ отбасын полиция тергеуге алды. Атаның туыстарына қатысты "Адам өміріне қауіп төндіретін немқұрайдылық" және "Өзгелердің өміріне немесе жеке қауіпсіздігіне қауіп төндіретін әрекеттер" баптары бойынша іс қозғалды.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде