{metadescription}
Қазақстанда екі футбол командасының ойыны күмән туғызды

Қазақстанда екі футбол командасының ойыны күмән туғызды

Қазақстан футбол федерациясы және Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы «Қызыл-Жар СК М» – «SD Family» кездесуінің нәтижесін тексереді.

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының ақпаратына сәйкес, Екінші лига командалары арасындағы Біріншіліктің 5-тур ойыны күмән туғызған.

«Үшінші топтың «Қызыл-Жар СК М» – «SD Family» кездесуі Қазақстан футбол федерациясы және Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы тарапынан қосымша тексеріледі. Қазір аталған кездесудегі букмекерлік кеңселердің котировкалары, соның ішінде Live режиміндегі коэффиценттер және ойынның бейнежазбасы зерттелуде. Сонымен қатар ойынның ресми өкілдерін сұрастыру жұмыстары қолға алынды», - делінген футбол лигасының ресми сайтындағы ақпаратта.

Арнайы мамандардың тексеріс қорытындысы ресми сайтта қосымша хабарланады.

Дереккөз: ҚазАқпарат

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде