{metadescription}
Қазақстанда гуманитарлық көмек арқылы келген дәрілерді елге кіргізу тәртібі өзгертілді

Қазақстанда гуманитарлық көмек арқылы келген дәрілерді елге кіргізу тәртібі өзгертілді

Қазақстанда мемлекеттік тіркеуден өтпеген дәрі-дәрмектерді еліміздің аумағына алып келу ережелері өзгертілді.

Үкіметтің қабылдаған қаулысында мемлекеттік тіркеуден өтпеген гуманитарлық көмек арқылы келген дәрілік заттар мен медициналық құралдарды Қазақстанға әкелу тәртібі қарастырылған. Атап айтсақ, табиғи немесе техногенді төтенше жағдайлардан кейінгі халықтың өміріне мен денсаулығына тигізетін зардаптарды жою немесе ескерту, паразиттік және инфекциялық ауруларды емдеу және алдын алу, сирек ауруларды емдеу кезінде алып келуге рұқсат етілген. 

Бұған қоса, тіркеуден өтпеген дәрі-дәрмектерді төтенше жағдай енгізілген кезде мемлекетке тасымалдауына шектеу қойылмайды. Аталмыш қаулыны 14 қазан күні үкімет басшысы Асқар Мамин бекіткен. 

Дереккөз: stan.kz

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

27 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде