{metadescription}
Алматыда эпидемиологиялық жағдай күрделене түсті

Алматыда эпидемиологиялық жағдай күрделене түсті

Қазір инфекцияның таралу индексі – 1,06, бұл көрсеткіш 1-ден өссе, індеттің таралуы көбейгенін білдіреді.

Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин қалада эпидемиологиялық жағдайдың күрделене түскенін мәлімдеді.

"Алматыда қазанда коронавирус инфекциясына байланысты эпидемиологиялық жағдай қыркүйекпен салыстырғанда күрделене түсті. Жекелеген жағдайларда өсім байқалады. 19 қазанда қалада 12 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Оның ішінде екі жағдай – жергілікті, екі науқас Мысырдан келген турист. Сонымен қатар бір тәулікте төрт адамға пневмония диагнозы қойылды", - деді Бекшин.

Айтуынша, қазір қалада инфекцияның таралуының  тәуліктегі өсімі – 0,05%. Инфекцияның таралу индексі – 1,06. Бұл индекс 1-ден өссе, індеттің таралуы көбейгенін білдіретінін айтты. Сонымен қатар Жандарбек Бекшин ЖРВИ анықталған жағдайда өз бетінше емделуден аулақ болуға шақырды. Оның орнына дәрігерді үйге шақыру қажет екенін еске салды. 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

27 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде