{metadescription}
БҚО-да ер адам досын өлтірген

БҚО-да ер адам досын өлтірген

БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында бүгін 36 жастағы Виталий Валитовқа қатысты үкім шықты.

Аталмыш соттан түскен мәліметке қарағанда, В.Валитов ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлігіне сәйкес айыпты деп танылып, 11 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды. Сот үкімімен В.Валитовқа жазасын қауіпсіздігі барынша жоғары қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтеу белгіленді. Іс бейнебайланыс жүйесі арқылы қаралды.

Сот талқысында мәлім болғанындай, биылғы 26 маусым күні түскі уақытта В.Валитов Бәйтерек ауданы Үлкен Шаған ауылы Бейбітшілік көшесі 14-мекенжайында орналасқан қараусыз қалған үйдің ауласында өзінің бала кезіндегі досы А.Щука және оның жездесі Е.Самарцевпен бірге арақ ішкен.

Сағат 21.00 шамасында масайған Е.Самарцев үйіне кетіп, қалған екеуі отырысты жалғастырған. Бір сағаттай уақыт өткеннен кейін екеуінің арасында кикілжің туындап, В.Валитов А.Щуканың басынан екі рет ұрған. Сосын мойын тұсынан екі мәрте пышақ cалған. Соның салдарынан А.Щука оқиға орнында қаза тапқан. Сотта В.Валитовтың кінәсі толық дәлелденді. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Дереккөз: ҚазАқпарат

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

27 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде