{metadescription}
Блокпостағы жол апаты: Экс-полицей 10 жылға сотталды

Блокпостағы жол апаты: Экс-полицей 10 жылға сотталды

Қарасай аудандық сотында Алматыдағы блокбекетте болған жол апатына кінәлі полицейге қатысты үкім шықты.

Блокпоста болған жол апатында екі адамның өмірін қиған Азат Азаматов 10 жылға сотталды. Қарасай аудандық соты бұрынғы полиция қызметкері Азат Азаматовты ҚР ҚК 345-бабымен айыпты деп тауып, 10 жылға бас бостандығынан айырды. Ол жазасын қауіптілігі орта дәрежедегі түзеу мекемесінде өтейтін болды.

Сондай-ақ, сот Азат Азаматовқа Алматы полиция департаментіне келтірілген материалдық шығын (бүлінген полиция автокөлігі) үшін 5,4 миллион теңге төлеуді міндеттеді. Ал жәбірленуші Динара Аманның пайдасына Азат Азаматов баласы 18 жасқа толғанға дейін бір миллион теңге моральдық шығын және 36 миллион теңге төлеуі керек болады.

Қаза тапқан полицейдің әкесінің пайдасына Азаматов бір миллион теңге моральдық шығын және 2,8 миллион теңге материалдық шығын төлеуі керек. Қаза тапқан екінші полицейдің әйелінің пайдасына сотталған адамнан оның үш баласы 18 жасқа толғанға дейін 15 миллион теңге өндіріп алынатыны айтылады.

Еске салсақ, 25 мамырда таңертең BMW жүргізушісі Алматы облысының №4 блокпостын соғып кеткен болатын. Жол апатынан полиция қызметкерлері Жарас Жанғазиев пен Дастан Абдықанов қайтыс болды. Сондай-ақ, үшінші полиция қызметкері Ербұлан Сейдазым жарақат алып, ауруханадан жазылып шықты.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

27 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде