{metadescription}
Қазақстанда оппозиция институты құрылады

Қазақстанда оппозиция институты құрылады

Мемлекет басшысының ҚР парламенті мәжілісі және мәслихат депутаттары сайлауын тағайындау туралы үндеу жариялады.

"Қазақстан Республикасының парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" конституциялық  заңға және "Қазақстан Республикасы парламентінің комитеттері мен комиссиялары туралы" заңға түзетулер енгізу арқылы парламенттік оппозиция институтын құру мәселесін қарастыратын және оның қызметін регламенттейтін өзгерістер мен толықтырулар жасалды", - дейді Тоқаев. 

Енді мәжілісі тұрақты комитеттерінің бір төрағасы мен екі хатшысы парламенттік оппозиция депутаттары арасынан сайланады.

"Парламенттік оппозиция бір сессия кезінде кемінде бір рет парламенттік тыңдау өткізу жөнінде бастама көтеру құқығын иеленеді. Сондай-ақ бір сессия кезінде кемінде екі рет үкімет сағатының күн тәртібін айқындайтын болады. Бұдан бөлек, саяси партиялар фракцияларының жетекшілеріне парламент палаталарының бірлескен отырыстарында, парламент мәжілісінің пленарлық отырыстарында, тұрақты комитеттердің, жұмыс топтарының отырыстарында, парламенттік тыңдауларда және басқа іс-шараларда сөз сөйлеуге кепілді құқық беріледі", - дейді Тоқаев.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

27 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде