{metadescription}
Елде коронавирус пен пневмониядан 5 адам қайтыс болды

Елде коронавирус пен пневмониядан 5 адам қайтыс болды

Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан бес адам қайтыс болды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.

20 қазанда төрт адам коронавирус инфекциясынан және бір адам коронавирус белгілері бар пневмониядан көз жұмды. Сондай-ақ, бір тәулікте 143 адамнан коронавирус анықталды, 220 адамға пневмония диагнозы қойылды.

Қазір коронавирус инфекциясынан 2 662 адам ем қабылдап жатыр, олардың арасында 181 бала бар. Стационарларда 2 145 науқас жатыр. 517 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. Науқастар арасында 91 адам ауыр жағдайда жатыр, 10 науқастың жағдайы аса ауыр деп бағаланып отыр. 13 адам жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

27 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде