{metadescription}
Коронавирус жұқтырған дәрігерлерге енді өтемақы берілмейді

Коронавирус жұқтырған дәрігерлерге енді өтемақы берілмейді

ҚР денсаулық сақтау министрінің бірінші вице-министрі Марат Шоранов онлайн-брифинг барысында дәрігерлерге жұмыс барысында коронавирус жұқтырғаны үшін қаражат төленбейтінін айтты.

Вице-министр жаңа шешім туралы айтып берді. Енді дәрігерлер қауіпті аймақта жүргені үшін ғана өтемақы ала алады. 

"Премьер-министрдің тапсырмасы бойынша 20 қазанда Үкімет жанындағы ВАК кезекті отырысы өтті, онда медицина қызметкерлеріне біржолғы әлеуметтік төлемдерді аяқтау туралы шешім қабылданды. Осылайша 20 қазаннан бастап медицина қызметкерлеріне әлеуметтік төлемдерге жаңа өтінімдер қабылдау тоқтатылды", - деді Шоранов.

Ол коронавирус жұқтырған медицина қызметкерлері енді біржолғы төлем ала алмайтынын айтты.

"Қалған 5 пайыз немесе 421 медицина қызметкеріне біржолғы төлемдер қазір өңірлік комиссиялар деңгейінде рәсімдеу сатысында және олар ақпараттық жүйеге енгізіледі. Оларға төлемдер апта соңына дейін 23 қазанға дейін беріледі", - деді бірінші вице-министр.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде