{metadescription}
Қазақстанда 250 оқушы коронавирус жұқтырған

Қазақстанда 250 оқушы коронавирус жұқтырған

Оқу жылы басталғалы оқушылар арасында КВИ-дің 250 жағдайы тіркелді.

Бұл туралы ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова айтып берді.

"Кезекші сыныптарда оқитын балалар арасында 105 жағдай тіркелді, 1426 адам байланыста болған, олардың 19-нан ауру анықталды. Қашықтан білім алатын балалар арасында 145 жағдай тіркелді, 348 адам байланыста болған, 22-нен ауру анықталды", - деді А. Ғиният.

Өңірлерде, әсіресе ШҚО-да науқас көп тіркелген – 69 адам немесе республика бойынша жалпы жағдайдың 31%, СҚО - 30, Қарағандыда – 26, Қостанай облыстарында - 17 жағдай.

"Карантин кезінде жұмыс істеп тұрған мектептердің арасында талаптарды орындамаған оқу орындары бар.Мектептерде түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Білім басқармалары басшыларының және мектеп директорларының қатысуымен кеңестер өткізілді, онда мониторинг барысында анықталған барлық факті талқыланды", - деді вице-министр.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде