{metadescription}
Сатылмайды: Тоқаев жұрттың көкейінде жүрген күдікті сейілтті

Сатылмайды: Тоқаев жұрттың көкейінде жүрген күдікті сейілтті

Ел ішінде ірі мемлекеттік жоғары оқу орындары жекеменшікке сатылуы мүмкін деген күдік бар.

Қазақстандағы ұлттық және мемлекеттік жоғары оқу орындары сатылмайды. Бұл жайында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің төртінші отырысында мәлімдеді. Президент бүгінде жоғары оқу орындарының құрылымын өзгерту жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтып өтті.

"Көптеген ЖОО коммерциялық емес акционерлік қоғамға айналды. Бұл ел ішінде әртүрлі әңгіме туғызуда. Сондай-ақ, ірі мемлекеттік жоғары оқу орындары кейіннен жекеменшікке сатылуы мүмкін деген де күдік бар. Осыған орай ұлттық және мемлекеттік жоғары оқу орындары сатылмайтыны жөнінде мәлімдеймін", - деді мемлекет басшысы.

Президент бұл мәселенің айрықша назарда екенін айтты.

Дереккөз: sputniknews.kz

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

27 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде