{metadescription}
Атырау тұрғыны Instagram-дағы жазбасы үшін сотталды

Атырау тұрғыны Instagram-дағы жазбасы үшін сотталды

Атырауда 22 жастағы қала тұрғыны Instagram-да жариялаған аудио және видеоматериалдары үшін сотталды.

Атырау облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Атыраудың 22 жастағы тұрғыны өзінің Instagram парақшасында теолог Ибн әл - Джаузидің идеяларын насихаттайтын аудио-және бейнематериалдарды орналастырған. Дінтану сараптамасының қорытындысына сәйкес осы жазбалардың мазмұны Қазақстанда пайдалануға және таратуға тыйым салынған.

Осыған байланысты ер адам ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 453-бабын бұзғаны үшін жауапқа тартылды. Сот қаулысына сәйкес ол 55 560 теңге (20 АЕК) айыппұл төлейді, ал әлеуметтік желідегі парақшасы жабылды.

Бұдан басқа Атырауда соңғы уақытта Әкімшілік құқықбұзушылық кодекстің аталған бабы бойынша тағы төрт ер адам жауапқа тартылған. Олардың бірі Мысырда теологиялық бағыттағы күмән туғызатын оқу орнында білім алған. Содан кейін өзінің ВКонтакте желісінде ислами емес негіздегі идеологтарды насихаттаған. 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

27 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде