{metadescription}
Елорда тұрғыны бұрынғы әйелін көлігінің капотымен сүйреді

Елорда тұрғыны бұрынғы әйелін көлігінің капотымен сүйреді

Нұр-Сұлтанда KIA Cerato жүргізушісі бұрынғы әйелін капотында сүйреген, деп хабарлайды  қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

"Оқиға түнде Гете көшесіндегі вокзал алаңында өрбіген. Ерлі-зайыпты автокөлік салонында әңгімелесіп отырып, сөзге келіп қалған. Әйелдің айтуынша, ол көліктен шыққан, бірақ салонда құжаттарын ұмытып кеткен. Ал күйеуі есікті ашпай, қозғала бастаған. Осы уақытта әйел автомобильдің капотына секіре жөнелген. Жүргізуші  оған қарамастан жылдамдықты арттыра отырып, жүре берген. Жанынан өтіп бара жатқан жүргізушілер автокөлік капотынан әйелді көріп, тәртіп бұзушыны тоқтатуға тырысқан, алайда ол жылдамдықты төмендетпестен жол бойындағы көліктерді басып озады. Нәтижесінде куәгерлер көліктің жолын жауып тастады. Полиция қызметкерлері де бейнебақылау камералары арқылы жүргізуші әрекетін байқап, оқиға болған жерге экипаж жіберді", - деп хабарлады полиция өкілдері.

Полицейлер жүргізуші мен әйелді полиция басқармасына жеткізді. Бұрынғы ерлі-зайыпты мәселені өзара шешті. Әйел зардап шеккен жоқ. Аталған факт бойынша "KIA Serato" жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 593 бабы, 1 бөлімі бойынша әкімшілік іс қозғалды. Нұр-Сұлтан полиция департаментінің басшылығы өз іс-әрекеттерімен жолдағы қайғылы жағдайдың алдын алуға көмектескен қамқор жүргізушілерге алғыс білдіреді.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

27 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде