{metadescription}
Тоғыз өңірде дабылды ескерту жарияланды

Тоғыз өңірде дабылды ескерту жарияланды

Синоптиктер қатты жел, тұман мен боранға байланысты тоғыз бірдей өңірде дабылды ескерту жарияланғанын хабарлады.

Қазгидромет синоптиктері жұма күні өңірлерде ауа райы бұзылатынын хабарлады. Скандинав жақтан келетін циклон әсерінен елдің басым бөлігінде жаңбыр, қар жауып, жел күшейеді. Тұман мен көктайғақ болады. Оңтүстік-батыста ғана жауын-шашынсыз.

Дабылды ескерту

23 қазан түнде Қызылорда облысында ауа температурасы төмендейді, 3 градусқа дейін үсік жүреді.

Түркістан облысында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр, үсік жүреді.

Қарағанды облысында көктайғақ, бұрқасын болады.

Жұма күні Батыс Қазақстанда тұман, желдің жылдамдығы - 15-20 м/с.

Алматы облысының таулы аудандарында жауын-шашын, жел. Екпіні - 17-22 метр секундке жетеді.

Ақмола облысында көктайғақ, бұрқасын, батыстан 15-20 м/с жел соғады. 

23 қазанда Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында тұман, көктайғақ. Желдің жылдамдығы - 15-20 м/с.

Ірі қалалардағы ауа райы

Елордада минус 3-5 градус, күндіз 0-2 градус, қар.

Алматыда плюс 5-7 градус, күндіз 8-10 градус жылы.

Шымкентте 3-5 жылы , күндіз плюс 11-13 градус.

Дереккөз: sputniknews.kz

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

27 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде