{metadescription}
Әлемде коронавирус бойынша антирекорд тіркелді

Әлемде коронавирус бойынша антирекорд тіркелді

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) әлемде коронавирус инфекциясымен ауыратындардың рекордтық тәуліктік санын тіркеді.

Ұйымның сайтында жарияланған статистикаға сәйкес, соңғы тәулікте (22 қазандағы деректер) әлемде COVID-19 жұқтырған 423 819 пациент тіркелген. Бұған дейін 17 қазанда тіркелген 412 889 жағдай рекорд болды. Өткен тәулікте коронавирус жұқтырғандардың көпшілігі АҚШ-та тіркелді, онда 1 күнде 60 мыңнан астам адамда инфекция анықталды. Үндістанда тағы 55 мыңнан астам адам, Францияда 41 мың және Ұлыбританияда 26 мың адам коронавирус жұқтырды. Бразилияда инфекцияның бір тәуліктегі өсімі - 24 858 жағдай, Аргентинада - 18 мың жағдай болды.

Пандемия басталғаннан бері бүкіл әлемде коронавирустық инфекцияның 41,1 миллионнан астам жағдайы анықталды, 1,1 миллионнан астам адам көз жұмды.

Дереккөз: stan.kz

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

27 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде