{metadescription}
Бекшин алматылықтарға үндеу жасады

Бекшин алматылықтарға үндеу жасады

Алматыда коронавирусқа байланысты эпидемиологиялық ахуал шиеленісе түсті.

Осыған байланысты қалалық бас санитарлық дәрігер Жандарбек Бекшин тұрғындарға үндеу жолдады. Бекшин Алматыдағы эпидемиялық жағдай күрделене түскенін айтады.  Оның айтуынша, науқастардың 38 пайызының вирус жұқтыру себебі - бұқаралық іс-шараларға қатысу.

"Соңғы тәулікте COVID-19-дың 44 жағдайы және анықталмаған пневмонияның 5 жағдайы тіркелді. Тәуліктік өсім 0,3 пайыз, жұқтыру коэффициенті – 1,37. Ағымдағы аптада КВИ ауруының деңгейі бірінші аптаның деңгейінен 9 есе асып түсті. Қаладағы жағдай шиеленісе түсуде және аурушаңдықтың өсіп келе жатқаны байқалуда", - дейді Бекшин.

Алматы қаласы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің мәліметінше, Алматы қаласында 23-ші қазандағы жағдай бойынша коронавирус инфекциясының (КВИ) 14607 оқиғасы тіркелген, оның 8762 – сі симптомды, 5845-сі симптомсыз.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде