{metadescription}
Бекшин той жасамауға шақырды

Бекшин той жасамауға шақырды

Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин тұрғындарды той-томалақтан бас тартуға шақырды.

Жандарбек Бекшин атап өткендей, қалада сырқаттанушылықтың өсу себебі – жаппай көпшілік шараларды ұйымдастыруда. Бірінші кезекте үйлену және еске алу шаралары аса қауіпті, өйткені ондай жиындар желдетілуі нашар жабық үй-жайларда өткізіледі. Мұндай іс-шараларда қонақтардың ұзақ уақыт отыратыны және кеңінен байланыс жасайтыны белгілі.

"Менің той ұйымдастырушыларына айтпағым: Сіз өзіңізге ғана емес, барлық қонақтарға, инфекцияны өзіне жұқтыру арқылы оны отбасыларына тарататын қарт туыстарға да қауіп төндіресіз. Сондай-ақ, той немесе еске алу кезінде мониторингтік топтардың талабы бойынша іс-шараны тастап кетуге мәжбүр болған қонақтарды ыңғайсыз жағдайға қалдырасыз", - деді Бекшин.

Сонымен қатар, ол эпидемия немесе оның қаупі жағдайында бір отбасы мүшелерін қоспағанда, 10-нан астам адамның жиналуы жаппай шара болып саналатынын атап өтті.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде