{metadescription}
ДДҰ басшысы пандемияның қиын кезеңіне дайындалуға шақырды

ДДҰ басшысы пандемияның қиын кезеңіне дайындалуға шақырды

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Адханом Гебрейесус коронавирустың таралуына байланысты әлемде қиын жағдай туындағанын хабарлады.  

"Біз COVID-19 пандемиясының қиын кезеңінде тұрмыз, әсіресе солтүстік жартышар. Келесі бірнеше ай өте қиын болады және бірқатар ел қауіпті бағытта қозғалып келеді. COVID-19 жағдайлары күрт өскен мемлекеттер тым көп және бұл ауруханалар мен реанимация палаталары өз мүмкіндіктерінің шегіне жететінін көрсетеді. Бұл тек қазан айы", - деді ДДҰ басшысы.

Ол мемлекет басшыларын өлім-жітім өсіп, денсаулық сақтаудың негізгі қызметінде дағдарыс болып, мектептер қайта жабылмау үшін шұғыл шаралар қабылдауға шақырды. Ал ДДҰ бас ғылыми қызметкері Сумия Сваминатан қарашаның соңына қарай бір немесе екі Covid-19 вакцинасы сынақтың үшінші кезеңінен өткізілетінін мәлімдеді. Айтуынша, сол кезде препаратты төтенше жағдайлар кезінде қолдануға кеңес беруге болады.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде