{metadescription}
Шымкентте жолаушылар көлік иесін өлтіріп, өртеп жіберген

Шымкентте жолаушылар көлік иесін өлтіріп, өртеп жіберген

Шымкентте жолаушылар көлік иесін пышақтап, денесін өртеп жіберген.

18 қазан күні шамамен сағат 11.00-де Шымкент қалалық Полиция департаменті Абай аудандық полиция бөлімінің кезекшісіне Түркістан көшесінің бойында «Дэу Нексия» маркалы ақ түсті көлік иесіз тұрғаны және оның мемлекеттік тіркеу нөмірі жоқтығы туралы хабарланған. Жедел тергеу тобы оқиға орнын тексеру барысында автокөліктің ішінен 2 дана ойыншық тапанша, 1 метр темір арматура, 2 дана автокөліктің мемлекеттік белгісі және 1 дана тізесі тұсында қызыл түсті қан дақтары бар көк түсті ер адамның джинсы шалбары анықталған. Сол күні аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 200-бабының 1-бөлігімен және 99-бабы 2-бөлігінің 7-тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған.

«Жедел іс шараларын жүргізу барысында аталған көлікке жолаушы болып отырған екі ер азамат, көлік иесіне пышақ жарақатын салып, Ақ тас елді мекенінде орналасқан қоқыс тастайтын жерге апарып, қылмыстық әрекетінің ізін жасыру мақсатында сол жерде мәйітті өртеп жібергені анықталды. Күдіктілер анықталып, ұсталды, олар - 1994 және 1998 жылы туған Түркістан облысының тұрғындары», - деп хабарлады Шымкент ПД баспасөз қызметінде.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде