{metadescription}
Ақтөбеде әйел сегізінші қабаттан секірмек болды

Ақтөбеде әйел сегізінші қабаттан секірмек болды

Ақтөбеде 4 баланың анасы өз-өзіне қол жұмсамақ болды.

Оқиға 22 қазан күні сағат 21:28-де тіркелді. Ақтөбе қаласындағы көпқабатты үйлердің бірінде 35 жастағы әйел өзіне қол жұмсамақ болып, БАҚ өкілдерін кездесуге шақырды.

«8-қабаттың балконынан 1985 жылғы әйел адам секіргелі жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Осыған байланысты құтқару қызметі жедел түрде жіберілді. Келіссөз барысында құтқарушылар мен полицейлер жедел қимылдап, азаматша құтқарылды»,- деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Құтқарушылар әйелдің пәтеріне кіріп, оны ішке кіргізіп алған. Ал бір тобы сыртта баспалдақпен көтерілді. ТЖ қызметкерлері әйелмен психологиялық әңгіме жүргізген. Азаматша медициналық орталыққа жатқызылды. Бәріне тұрмыстық жанжал себеп болған.

«Пәтерде балалары болды», - дейді баспасөз қызметі.

Дереккөз: ҚазАқпарат

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

27 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде