{metadescription}
Президент сайлауы өтетін күн жарияланды

Президент сайлауы өтетін күн жарияланды

Қырғызстан Президентінің мерзімінен бұрын сайлауы өтетін күн белгілі болды.

Мерзімінен бұрынғы президент сайлауы 2021 жылдың 10 қаңтарында өтеді. Шешім ОСК отырысында қабылданды. Ортсайлауком төрағасы Нұржан Шайлдабекова заң бойынша мемлекет басшысының өкілеті тоқтағаннан кейін бір апта ішінде Жогорку Кенеш мерзімінен бұрынғы президент сайлауын тағайындамаса, осы мерзімнен кейін келесі күні ресми түрде тағайындалатынын атап өтті.

"Осыдан кейін сайлау комиссиясы екі күн ішінде сайлау күнін ресми түрде жариялайды. Заң бойынша олар мемлекет басшысының өкілеттігі тоқтатылғаннан кейін үш ай мерзімде - 2021 жылдың 16 қаңтарына дейін өткізілуі тиіс", - деді ол.

Осыған байланысты сайлауды 2021 жылғы 10 қаңтарда өткізу ұсынылды. ОСК мүшелері бұл ұсынысты қолдады.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

27 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде