{metadescription}
Қазақстанға ұшып келген 34 жолаушыдан коронавирус анықталды

Қазақстанға ұшып келген 34 жолаушыдан коронавирус анықталды

Биылғы 6 – 25 қазан аралығында халықаралық әуе рейстерімен Қазақстанға келген 34 жолаушыдан коронавирус анықталды.

С.Байғабыловтың ақпаратына сәйкес, 25 қазан күні түнде елімізге 11 халықаралық авиарейс ұшып келген. Барлығы 1483 жолаушының 1228-інде коронавирусқа тапсырған анализдерінің анықтамалары болған, Қазақстанның 255 азаматында ондай анықтама болған жоқ.

11 авиарейс орындалды:

- төртеуі Нұр-Сұлтан қаласына, барлығы 434 жолаушы, оның 350-інде анықтама – бар, 84-інде – жоқ;

- алтауы Алматы қаласына, барлығы 939 жолаушы, оның 778-інде анықтама – бар, 161-інде – жоқ;

- біреуі Шымкент қаласына, 110 жолаушы, 100-інде анықтама – бар, 10-ында – жоқ.

«Анықтамасыз үшып келген Қазақстан азаматтары ПТР-анализ тапсыру үшін Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларындағы карантиндік стационарларға жатқызылды. Жолаушылар Түркия, БАӘ, Украина және Беларусьтен келген. Биылғы 6 қазаннан бастап ПТР анықтамасыз келген халықаралық рейстердің 34 жолаушысы Қазақстанға коронавирус алып келді: Шымкент – 2, Нұр-Сұлтан – 4, Алматы – 28», - деді С.Байғабылов.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

27 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде