{metadescription}
Түркияның қорғаныс министрі Қазақстанға келді 

Түркияның қорғаныс министрі Қазақстанға келді 

Күн тәртібінде әскери және әскери-техникалық ынтымақтастық, соның ішінде әскери кадрларды даярлау және әскери білім беру, әскери дайындық, сондай-ақ, оқу-жаттығуларға қатысу шаралары бар.

Қазақстанға ресми сапармен Түркияның қорғаныс министрі Хулуси Акар келді. ҚР Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевпен өтетін кездесу кезінде аймақтық қауіпсіздік мәселелері де талқыланады. Бұдан бөлек, күн тәртібінде әскери және әскери-техникалық ынтымақтастық, соның ішінде әскери кадрларды даярлау және әскери білім беру, әскери дайындық, сондай-ақ, оқу-жаттығуларға қатысу шаралары бар. 

"Қазақстан Түркиямен арадағы көп жоспарлы стратегиялық қарым-қатынасты нығайтуға үлкен мән береді. Ал екі мемлекет көшбасшылары арасындағы өзара түсіністік пен достық атмосферасы екіжақты ынтымақтастықтың кеңеюінде негізгі рөл атқарады", - делінген қорғаныс ведомствосының ресми хабарламасында.

Осы орайда қорғаныс министрлігі Қазақстанның қарулы күштерінің құрылуы мен дамуының алғашқы кезеңінде Түркияның қарулы күштері мен Бас штабының бірінші болып қолдау көрсеткенін де еске салды. Атап айтқанда, Түркия 1990-2000 жылдары қайтарымсыз негізде Қазақстанға әскери мүлік жеткізіп отырған. Соның ішінде кеңсе техникасы, картографиялық құрал-жабдықтар, байланыс құрылғылары және жол талғамайтын көліктер бар. 

Уақыт өте келе, тараптар көпмақсатты жеңіл брондалған көліктер мен оптикалық-электронды құралдар өндірісі саласында өзара тиімді байланыстарға көшті. Ал әскери білім саласында курсанттар Түркияның жетекші әскери училищелерінде өз дайындықтарын шыңдайды. Қазақстанның әскерилері де сан алуан оқыту орталықтарына барып тұрады. 

2018 жылы қыркүйек  айында Қазақстанның тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Түркияға ресми сапармен барған. Сол кезде Анкара қаласында бірқатар маңызды құжаттарға қол қойылды. Соның ішінде әскери ынтымақтастық туралы келісім де бар.

Дереккөз: sputniknews.kz

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

27 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде