{metadescription}
Алаяқтар картаның кодын қалай біліп алады

Алаяқтар картаның кодын қалай біліп алады

Алаяқтар алдын ала төлемді, тіпті, ақшаның жартысын аударып беруді сұрайды.

Төлем жасалғаннан кейін бөтен адамдардың атына ашылған есепшоттар арқылы ақша ұрланады. Бүгінде халықты интернет арқылы алдайтын алаяқтар көбейді. Ішкі істер министрілігі осы алаяқтықтың кеңінен таралған түрлері туралы ақпарат таратты. Криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары Ерлан Омарбековтың айтуынша, интернет-алаяқтықтықтың кеңінен тараған түрі – жарнама сайттары арқылы алдау. Тауар немесе қызметке қатысты хабарландыру жарияланып, төмен бағалар қойылады. Оған сенген адамдар өз ақшасын бірден аудара салады. 

"Алаяқтар алдын ала төлемді, тіпті, ақшаның жартысын аударып беруді сұрайды. Төлем жасалғаннан кейін бөтен адамдардың атына ашылған есепшоттар арқылы ақша ұрланады. Бірақ оны білдіртпей істейді. Алаяқтар алдымен уақыт созып, тауардың келе жатқанын, я болмаса, басқа елде кідіріп қалғанын айтады. Артынан телефонын өшіріп тастайды", - деді Омарбеков апталық онлайн брифингте.

Жақында осы сияқиы алаяқтық жасаған топ ұсталды. Олар дәл сондай жолмен автобөлшектерді сатып, ондаған адамды алдап кеткен. 

"Жарнама сайттары арқылы жасалатын тағы бір алаяқтық бар. Ондайда алаяқ хабарландыруды орналастырған адамға хабарласады да, тауардың алдын ала төлемін жасап береміз дейді. Бірақ ол үшін жарнама берушінің жеке мәліметтері керек деп айтады. Сөйтіп, барлық жеке мәліметін сұрап алады. Аңқау адамдар ақшаны тезірек аламыз деп, бәрін айтып қояды. Артынан өз атына кредиттің қалай рәсімделгенін білмей қалады", - деп атап көрсетті Омарбеков.

Банк қызметкері ретінде адамдарға қоңырау шалатын алаяқтар да бар. Олар клиенттің картасы арқылы күдікті операцияның жасалғанын айтып, оны бұғаттау үшін CVC-кодты сұрап алады. Сөйтіп, интернет-банкинг арқылы барлық ақшаны үптеп кетеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 

"Интернет-алаяқтықтың тағы бір түрі – "сыйлық тарату". Ол кезде алаяқтар адамдарға қоңырау шалып, олардың қымбат сыйлық ұтып алғанын айтады. Сосын оны жеткізу үшін ақы сұрады. Аңқау адамдар тағы өзінің жеке мәліметтерін айтып қояды да, барлық ақшасынан айырылады", - дейді Омарбеков.

Бұдан бөлек, интернет арқылы тиімді салымдарға қатысты жарнамалар кеңінен таралып жүреді. Ол да алаяқтардың ісі. Ондайда букмекерлік ставкамен немесе биржа арқылы қыруар пайда табуға ұсыныс жасалады. Алаяқтар спорт матчтарының есебі мен биржадағы бағаларға қатысты құпия ақпаратты білетінін айтып, халықты барынша сендіреді. Осылайша, біраз адамдарды алдап кетеді.     

Ресми мәліметке сәйкес, соңғы үш жылдың ішінде интернет-алаяқтықтың саны екі есеге өскен. Биыл осы салада 1 700 қылмыс ашылып, 400-дей адам ұсталды. Қылмыстардың басым бөлігі шетелден жасалады. Ал зардап шеккендердің көбісі полицияға шағым түсірмейді.

 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

27 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде