{metadescription}
Алматыда кинотеатр жұмысына рұқсат берілді

Алматыда кинотеатр жұмысына рұқсат берілді

Алматының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин қалада кинотеатрлардың ашылуына рұқсат берді.

Бұл туралы Алматы қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин онлайн брифинг барысында айтты.

"Осы жылдың 26 қазанынан бастап кинотеатрлардың қызметіне рұқсат. Infokazakhstan.kz порталында тіркелу керек, толтырылуы 30 пайыздан артық емес болуы керек. Маска режимін, әлеуметтік қашықты сақтау және Қазақстанның бас санитар дәрігерінің № 57 қаулысының талаптарын сақтау", - деді Жандарбек Бекшин.

Оның айтуынша, Алматыдағы кинотеатрларды ашуға соңғы күндердегі эпидемиологиялық ахуалдың тұрақтылығы әсер еткен.

"Өткен аптада вирус жұқтырғандардың алшаңдығы әртүрлі, аурушаңдық деңгейі 44 оқиғаға дейін жеткен кезі болды. Дегенмен жағдайды тұрақтандыру үшін жұмыс жасадық. Соның ішінде мониторинг топтары да жұмысын күшейтті. Өткен күні вирус жұқтырудың күнделікті өсуі 0,1 пайызға дейін жетті. Ал репродуктивті саны, яғни бір адамның бірнеше адамға жұқтыру индексі 1,88-ге дейін жетті. Мәселен өткен бейсенбіде 44 жағдай болса, одан кейін аурудың деңгейі төмендеді. Жұма, сенбі және жексенбі күндері 20, 15 және 10-ға дейін түсті", - дейді ол. 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

27 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде