{metadescription}
Алматыда қай нысандар жұмысын тоқтатады

Алматыда қай нысандар жұмысын тоқтатады

Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшиннің жаңа қаулысы шықты.

"Фудкорттар ашылмайтын болды. Ал сауда орталықтары 30 пайызға ғана толуы керек. Бассейндердің қызметіне алдын ала жазылу бойынша, бір адамға бес шаршы метрден болған кезде рұқсат берілді. Театрларға да санитарлық талаптарды сақтай отырып жұмыс істеуге рұқсат берілді", - дейді Бекшин.

Сонымен қатар, бас санитарлық дәрігер бірқатар мекемелердің ашылу ережелерімен бөлісті. Бірқатар талаптарға сүйене отырып, қаладағы спорт кешендері, театрлар жұмысын жалғастырады.

"Фитнес орталықтар мен спорт сауықтыру орталықтарына алдын ала жазылу бойынша баруға болады. Ол 50 пайыға толтырылуы керек. Оған қоса, бір келушіге 5 шаршы метрден кем емес аумақ арналуы керек. Сонымен қатар, бір келушіге 4 шаршы метр қашықтықты сақтай отырып сауналар мен моншалар да жұмыс жасайды", - дейді бас санитарық дәрігер. 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

27 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде