{metadescription}
Алматыда сауда орталықтары сенбі күні ашық болады

Алматыда сауда орталықтары сенбі күні ашық болады

Алматыда демалыс күндері сауда және ойын-сауық орталықтары жұмыс істейді.

Бұл туралы қаланың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин хабарлады. Оның айтуынша, сауда орталығында жұмыс істеуге рұқсат қаладағы жағдай толық зерттелгеннен кейін берілген. Сонымен, 26 қазаннан бастап сауда және ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері (бутиктер), сауда желілері сенбіде жұмыс істей алады. Алайда ғимарат 30 пайыздан артық толы болмауы керек, әр келушіге кемінде төрт шаршы метрден орын болуы керек.

«Біз бұл мәселені тиянақты қарастырдық. Себебі, бұл адам денсаулығына тікелей байланысты. Біз өмір мен бизнестің арасындағы теңдікті ұстауға тырысып жатырмыз. Өйткені, бұл вирус келесі жылы да болады. Егер біз қауіпсіздіктің барлық талаптарын сақтайтын болсақ, эпидахуал тұрақты болады. Біз алда бизнес жұмысын тоқтатпас үшін карантин талаптарын сақтауымыз керек. Эпидемиологиялық талдаудың нәтижесінде сауда ойын-сауық орталықтарының алгоритммен жұмысына рұқсат бердік», - деді Жандарбек Бекшин.

Сондай-ақ, сауда ойын-сауық орталықтарында немесе бөлек үй-жайларда орналасқан қоғамдық тамақтану объектілерін пайдалануға рұқсат етіледі. Алайда, ол жерде де орындар 50 пайыздан артық толы болмауы керек. Ұжымдық іс-шараларды өткізуге де тыйым салынады.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

27 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде