Қостанайда 20 жастағы жігіт 11 күннен бері табылмай жатыр
Қостанайлық полицейлер 2000 жылы туған жігітті іздестіріп жатыр.
09:02 27.10.2020
«2000 жылы 23 шілде күні туған Ганя Олег Викторовичке іздеу салынды. Ол 15 қазан күні Бағаналы ауылынан И.Павлов атындағы ауылға шығып, сол күйі хабарсыз кеткен. Қостанай қаласында жүруі мүмкін», - делінген ведомство ақпаратында.
Полицейлер жоғалып кеткен жігітке қатысты ақпаратты жариялады. Оның бойы – 175 сантиметр, орта денелі, шашы ақшыл, көзі сұр-көк түсті. Үстінде көк түсті камуфляж костюмі болуы мүмкін. Жоғалған адамның орналасқан жері туралы қандай да бір ақпараты бар адамдар мына телефондар бойынша хабарласа алады: 8-777-973-19-40, 8-707-197-18-48, 8-707-252-15-00 немесе «102».