{metadescription}
Көктайғақ, бұрқасын, қар: 8 облыста дауылды ескерту жарияланды

Көктайғақ, бұрқасын, қар: 8 облыста дауылды ескерту жарияланды

Қазақстанның бірнеше облысында қардың, қатты желдің және тұманның салдарынан дауылды ескерту жарияланды.

Нұр-Сұлтанда 27 қазанда мезгіл-мезгіл көктайғақ пен бұрқасын болуы мүмкін. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20 м/с күтіледі. Ақмола облысында жауын-шашын, кей жерлерде қатты жаңбыр, қар жауады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі. Көкшетауда тұман түсіп, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20 м/с күтіледі.

27 қазанда Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болжануда. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде кей жерлерінде күші 15-20, күндіз күші 15-20, кей жерлерінде екпіні 23-28 м/с күтіледі. Қарағанды қаласында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. Жезқазған қаласында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с болады.

Түркістан облысының кей жерлерінде шаңды дауыл, оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, кей жерлерде күші 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с күтіледі. Шымкентте оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с. Түркістан қаласында оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с.

Павлодар облысында кей жерлерінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші түнде 15-20, кей жерлерде 23-28 м/с, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. Павлодар қаласында түнде 27 қазанда оңтүстік-батыстан жел соғады екпіні - 15-20 м/с. Түнде және таңертең 27 қазан Атырау облысының кей жерлерінде тұман түседі.

Таңертең және күндіз Қостанай облысының кей жерлерінде қатты жауын-шашын (көбінесе қар) күтіледі. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын болжануда. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с жетеді. Қостанайда солтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі.

Ақтөбе облысында кей жерлерінде тұман, көктайғақ, солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, күші - 15-20, күндіз екпіні 23 м/с күтіледі. Ақтөбе қаласында көктайғақ, солтүстік-батыстан жел соғады, желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.

27 қазанда Қызылорда облысында солтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз екпіні 23 м/с сақталады. Қызылорда қаласында 27 қазанда солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының түнде кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде күші кей жерлерінде 15-20, күндіз басым бөлігінде 15-20, екпіні 23-28 м/с дейін жетуі мүмкін. Өскеменде 27 қазанда оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с күтіледі. Семей қаласында 27 қазанда оңтүстік- шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с дейін күтіледі.

Дереккөз: Қазгидромет

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде