{metadescription}
Қол алысуға болмайды: Павлодар облысында жаңа қаулы шықты

Қол алысуға болмайды: Павлодар облысында жаңа қаулы шықты

Қаулыға сәйкес, мекемелер штатында 30 адамнан артық қызметкер болған жағдайда олардың 70 проценті қашықтан жұмыс істеуге жіберілуі керек.

Павлодар облысының бас санитар дәрігерінің орынбасары Замзагүл Дощанов жаңа қаулыға қол қойды. Құжатта санитарлық нормаларды сақтау шараларына басымдық берілген. Соның ішінде бетперде кию мен әлеуметтік арақашықтықты сақтау бар. Тіпті, санитар дәрігерлер қол алысып амандаспауға кеңес беріп отыр.

"Объектілер мен қоғамдық көлікте, сондай-ақ жұмыс орындарында азаматтардың қол алысуын болдырмау, адамдар арасында екі метр әлеуметтік арақашықтықты сақтау мен бетперделерді дұрыс кию қамтамасыз етілсін. Жеке гигиена, түшкіру мен жөтелу этикетін сақтау қажет", – делінген қаулыда.

Бұдан бөлек, респираторлық инфекцияның алғашқы белгілері пайда болғанда бірден жедел жәрдем шақыру керек. Осы орайда облыстық бас санитар дәрігер орынбасары емханаға бармай, үйде медициналық көмекке шұғыл жүгінуге кеңес береді.

Қаулыға сәйкес, мемлекеттік органдар, квазимемлекеттік сектор, ұлттық компаниялар, сондай-ақ, кәсіпкерлік нысандар штатында 30 адамнан артық қызметкер болған жағдайда олардың 70 проценті қашықтан жұмыс істеуге жіберілуі керек.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде