{metadescription}
Балқаш ауруханасында екі жасар бала көз жұмды

Балқаш ауруханасында екі жасар бала көз жұмды

Баланың қабағы ісіп кеткен соң анасы дәрігерлер көмегіне жүгінген.

Олар бәрі қалыпты жағдайда деп баланы үйіне жіберді, кейін оның жағдайы нашарлап кетті. Балқаш ауруханасында екі жасар бала көз жұмды. Анасының айтуынша, дәрігерлер баланы үйге жіберген. Кейін үйде жағдайы нашарлап кетті. Анасы 23 қазанда баласымен ауруханаға барғанын айтты. Өйткені оның қабағы ісіп кеткен.

"Дәрігерлер тексеріп, сынама алды. Бәрі қалыпты жағдайда деп үйге жіберді. Медбике ауруханаға жатудан бас тартқаным туралы қағазға қол қоюымды сұрады", - дейді ол.

Алайда дәл сол күні бала қатты мазасызданып, жылап, ерні көгеріп кеткен. Жедел жәрдем балалар ауруханасына жеткізді. Анализден соң қалалық аурухананың диагностикалық орталығына апарды.

"Ұлым аяғын ішіне басып қатты жылады. Дәрігерлер ешқандай процедура жасаған жоқ. Мен талап еткен соң ғана жансақтау бөліміне ауыстырды", - дейді анасы.

Ертесіне 24 қазан күні бала жансақтау бөлімінде көз жұмды. Бұған дейін медицина қызметкерлері баланың жағдайы қалыпты екенін айтқан. Анасы УЗИ жасауды сұрағанда, дүйсенбі жасалатынын жеткізген. 

Дереккөз: sputniknews.kz

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде