{metadescription}
Алматыдағы техникалық жөндеу орталығында жарылыс болды

Алматыдағы техникалық жөндеу орталығында жарылыс болды

CarCity автомобиль бөлшектерін сататын сауда орталығы аумағында үлкен өрт болды.

Куәгерлердің айтуынша, үлкен ангар отқа оранған. Оқыс оқиға Ақсай шағын ауданында болды.

«27 қазанда сағат 12.56-да Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері мен техника құралдары жоғары деңгейдегі дабыл бойынша аяғынан тік тұрғызылып, Әуезов ауданы Ақсай-1А ықшам ауданына бет алды.Өрт сөндірушілер келгенде ангарлық типтегі техникалық қызмет көрсету стансасы жанып жатты. Металл ангардан әрқайсысы 25 литрлік 2 газ баллоны қауіпсіз жерге шығарылды. Сол жерде ТҚС ішінде жанармай сұйықтығы бар екені туралы ақпарат берілді. 13:21-де жарылыс болды. Өрт сөндірушілер жапа шеккен жоқ», - деді ТЖД.

Оқиға орнында 60 адам, 12 техника жұмыс істеп жатыр.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде