{metadescription}
Енді қазақстандықтар елге ПТР-анықтамасыз орала алады

Енді қазақстандықтар елге ПТР-анықтамасыз орала алады

Рейстерге отырғызу кезінде ПТР-тест анықтамасы болу-болмауына қатысты ВАК шешіміне қатысты Үкіметтің баспасөз қызметі түсінік берді.

"Қазақстан аумағында коронавирус инфекциянсының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия 26 қазаннан бастап халықаралық әуе тасымалын жүзеге асыратын әуе компанияларына ПТР-тестінің нәтижелері туралы анықтамасы жоқ жолаушыларды ұшаққа отырғызуға тыйым салу туралы шешім қабылдады. Бұл талап тек шетелдік азаматтарға қатысты. Шетелде жүрген ҚР азаматтарының әуе рейстерімен ПТР-тестілеуден өткені туралы анықтамасынсыз отанына оралуға құқығы бар", - делінген ҚР Үкіметі баспасөз қызметінің түсініктемесінде.

Ондағылар мұндай жағдайда Қазақстанға келгеннен кейін қазақстандықтар ПТР-тестілеу нәтижесін алғанға дейін карантинге орналастырылатынын айтты. Сондай-ақ, Қазақстан өңірлері арасындағы ішкі әуе рейстеріне қонған кезде де ПТР-тест нәтижелері туралы анықтама талап етілмейтіні айтылады.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

27 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде