{metadescription}
Ақмола облысында жол апатынан көлік өртеніп, екі адам қаза тапты

Ақмола облысында жол апатынан көлік өртеніп, екі адам қаза тапты

Ақмола облысында жол апатынан ұшыраған көлік өртеніп, 28 жастағы жүргізуші мен 39 жастағы жолаушысы қаза болды.

Ведомствоның мәліметінше, қазанның 26-да түнгі сағат 02:30 Ақкөл аудандық ПБ кезекшілік бөліміне Азат стансасының маңында «Мазда Кронус» көлігі жолдың шетіндегі жыраға аударылғандығы туралы хабар түсті. Оқиға орнына жеткен тәртіп сақшылары «Азат - Степногор» тас жолының 6 шақырымында Нұр-Сұлтан қаласынан Степногорге бағыт алған «Мазда Кронус» көлігінің 28 жастағы жүргізушісі рульге ие бола алмай жолдың шетіндегі жыраға аударылғанын анықтады.

«Апаттан көлік түгі қалмастан өртеніп кетті. Көлік ішінде болған 28 жастағы жүргізуші мен 39 жастағы жолаушысы алған дене жарақатынан сол жерде көз жұмды», - деді ведомстводан.

Бұл факті бойынша тәртіп сақшылары ҚР Қылмыстық кодекстің 345-бабы, 4-бөлігі бойынша, «Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы» бойынша қылмыстық іс қозғады. Сонымен бірге, сот медициналық сараптама тағайындалды.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

27 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде