{metadescription}
Ұлттық банк қазақстандықтардың кредиті көбейетінін болжап отыр

Ұлттық банк қазақстандықтардың кредиті көбейетінін болжап отыр

Пандемия кесірінен іскерлік белсенділіктің төмендеуіне байланысты қазақстандықтардың кредиті өседі.

Ұлттық банк 2020 жылы қазақстандықтардың депозиті мен кредиті ұлғаяды деп болжап отыр. Бұл туралы ұлттық банк төрағасының орынбасары Ақылжан Баймағамбетов мәлімдеді. Айтуынша, жыл басынан бері экономикадағы кредит 3,5%-ке немесе 480,6 миллиард теңгеге ұлғайып, қыркүйектің соңында 14,3 триллион теңгені құраған. Соның ішінде ұзақ мерзімді кредит 4,5 процентке, 12,4 триллион теңгеге дейін өссе, қысқа мерзімді несиелер 2,4%-ке азайып, екі триллион теңгеге жетті.

"Біздің болжамымыз бойынша 2020 жылы депозиттер мен кредиттер іскерлік белсенділіктің баяулауы аясында аздап ұлғаяды", - деді Баймағамбетов сенат отырысында 2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджетке түзетулерді қарау барысында.

Сонымен қатар, айтуынша, банк жүйесіндегі депозиттер қыркүйек айының соңында 21,4 триллион теңгені құрады. Жыл басынан бері депозиттер 12,4 процентке ұлғайған. Баймағамбетов теңге активтерін қорғау бойынша жедел шаралар нәтижесінде депозиттерді долларландыру деңгейі тоғыз айдың қорытындысы бойынша 40,9 процентке дейін төмендегінін атап өтті.

Дереккөз: sputniknews.kz

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде