{metadescription}
Парламент бюджетке түзетулерді қабылдады: қосымша ақша қайда жұмсалады

Парламент бюджетке түзетулерді қабылдады: қосымша ақша қайда жұмсалады

Медициналық қызметкерлерге материалдық қолдау көрсету және коронавирустың екінші толқынына қарсы белсенді шаралар қабылдау үшін 238,7 миллиард теңге қосымша қаржы қарастырылды.

Сенат 2020 жылға арналған республикалық бюджетке түзетулерді қабылдап, мемлекет басшысының қол қоюына жіберді. 

"Республикалық бюджетті нақтылаудың негізгі міндеті – медициналық қызметкерлерге материалдық қолдау көрсету және коронавирустың екінші толқынына қарсы белсенді шаралар қабылдау. Осы мәселелерді шешу үшін 238,7 миллиард теңге қосымша шығыста р көзделді", - деді қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев сенаттың жалпы отырысында.

Ақша мынадай бағыттарға жұмсалады:

  • карантин шараларын жүргізуге тартылған медицина қызметкерлеріне жалпы сомасы 143,4 миллиард теңгеге қосымша ақы төлеу;
  • тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі аясында COVID-19-дың таралуына жол бермеу мақсатында медициналық қызметтерге ақы төлеу – 83,2 миллиард теңге;
  • ішкі істер органдарының қызметкерлеріне эпидемияға қарсы іс-шараларға қатысқаны үшін сыйлықақы төлеу –  11,7 миллиард теңге;
  • әкімшілер ұсынған қаражатты қайта бөлуді ескере отырып, экономиканың нақты секторын дамытуға және күш құрылымдарын әлеуметтік қолдауға – 261,7 миллиард теңге.

"Осы қаражат есебінен өндірісті ынталандыруға бағытталған бірқатар шара мен жобаны іске асыру және халықтың өмір сүру сапасын жақсарту мен табысын ұлғайту жоспарлануда", - деді министр.

Ол барлық мемлекеттік бағдарламаның іс-шараларын жеткілікті қаржымен қамтамасыз ету көзделгенін атап өтті. Бұдан бөлек, бюджетті нақтылау аясында президент жарлығына сәйкес мемлекеттік органдар құру және қайта ұйымдастыру бойынша қаражатты қайта бөлу жүзеге асырылды. Нәтижесінде, республикалық бюджеттің параметрлері келесідей қалыптасты. Республикалық бюджет түсімдері 12 триллион теңге көлемінде анықталды. Тапшылық жалпы ішкі өнімге 3,5 процент деңгейінде сақталды. Республикалық бюджет шығыстарының көлемі 14,5 триллион теңгені құрайтын болады.

Дереккөз: sputniknews.kz

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде