{metadescription}
Қазақстанда полицейлердің жалақысы өседі

Қазақстанда полицейлердің жалақысы өседі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев полицейлердің жалақысын үш жыл ішінде 30 пайызға көтеруді тапсырды, деп хабарлайды Ақорда.

Президент баспасөз қызметінің мәліметінше, Нұр-Сұлтанда Тоқаевтың төрағалығымен Ішкі істер министрлігінің кеңейтілген алқа отырысы өтті. 

"Президент ІІМ жүйесінде бірнеше жылдан бері жалақының төмен болғанын атап өтті. Осыған байланысты ол үкіметке тәртіп сақшыларының жалақысын үш жыл ішінде 30 пайыз жоғарылатуды тапсырды", - делінген хабарламада. 

Президент барлық мемлекеттік басқару жүйесіне үлкен сынақ болған COVID-19 пандемиясы кезінде полиция қызметкерлерінің ерекше еңбегін атап өтті.

"Қазіргі жағдайда дәрігерлермен қатар майданның алғы шебінде полиция қызметкерлері де жүр. Өйткені азаматтардың қауіпсіздігі ғана емес, олардың денсаулығы мен берекелі өмірі сіздердің жұмыстарыңызға тікелей байланысты. Сондықтан бүгінгідей күрделі жағдайда мемлекет індетке қарсы тұрғандардың барлығын қолдайды. Менің тапсырмам бойынша пандемияның бірінші кезеңінде карантин шараларын қамтамасыз етуге қатысқан ішкі істер органдарының қызметкерлеріне сыйақы төлеуге 6,6 миллиард теңге бөлінді. Жыл соңына дейін тағы да 11,5 миллиард теңге беріледі", - деді мемлекет басшысы.

Президент сөз соңында жоғарыда аталған міндеттерді толық орындау қажет екенін айтып, ІІМ бұл жұмысты абыроймен атқаратынына сенім білдірді.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде