{metadescription}
Түркияда ресейлік турист коронавирустан көз жұмды

Түркияда ресейлік турист коронавирустан көз жұмды

Анталияда ресейлік турист коронавирустың салдарынан қайтыс болды.

60 жастағы ер адам қыркүйек айының соңында әйелімен Түркияға демалуға барған. Оған бір аптадан кейін коронавирус диагнозы қойылды. Ресей Федерациясының Анталиядағы Бас консулдығы ресейлік туристің коронавирустық инфекция нәтижесінде қайтыс болғанын растады. Жергілікті билік пен сақтандыру компаниясымен келісе отырып, денені қайтару үшін қажетті қадамдар жасалуда.

Ем үшін төлем жасау мәселесіне "сақтандыру компаниясы мен сақтандырылған тұлға арасындағы шарттық қатынастар" жауапты, - деп хабарлады Бас консулдықта. Бір күн бұрын Түркияда коронавирус инфекциясы бойынша 2 305 жағдай анықталған, 77 науқас қайтыс болды. Бұл - сәуір айының соңынан бергі ең жоғары көрсеткіш, ал өлім-жітімнің жалпы саны 10 мыңнан асты.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде