{metadescription}
Қазақстандық ұшқыш Түркияда көз жұмды

Қазақстандық ұшқыш Түркияда көз жұмды

Измирде қазақстандық "Бурундайавиа" АҚ компаниясының ұшқышы кенеттен жүрегі тоқтап, қайтыс болды.

Марқұмды Одессаға жеткізу шығыны қазақстандық сақтандыру компаниясының есебінен жүзге асырылды. Ұшқыш Түркияның Измир қаласында орман өртін сөндіру үшін іссапармен барған. Алайда, қонақүй бөлмесінде жүрегі тоқтап, қайтыс болған. Оның шетелге шығатын азаматтар үшін сақтандыру полисі бар болып шықты.

"Қазан айында GVA сервистік компаниясынан сақтандырылған пилотты Одесса (Украина) қаласына 1,8 миллион теңге көлемінде сақтандыру төлемі үшін репатриациялауға құжаттар келіп түсті. Евразия СК төлемді дереу жүзеге асырды, өйткені бұл жағдайда тиімділік ең жоғары басымдыққа ие" , - деді "Евразия" АҚ сақтандыру төлемдерін бақылау департаментінің директоры Юрий Славкин.

Сақтандырушылар шетелге шығатын азаматтарға сақтандыру полисін рәсімдеу қажеттігін еске салады.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.