{metadescription}
Қазақстандық боксшы қарсыласын 43 секундта нокаутқа жіберді

Қазақстандық боксшы қарсыласын 43 секундта нокаутқа жіберді

«Панда» лақап атымен танылған Қазақстандық боксшы Серік Мұсаділов кезекті жеңісіне жетті.

Серік Мұсаділов Хайалиа қаласында (АҚШ, Флорида штаты) өткен бокс кешінде рингке шықты. Қазақстандық боксшы мексикалық Даниэль Нахерамен (9-5-1, 4 КО) қолғап түйістірді. Жекпе-жек алты раундқа жоспарланған еді, алайда 43 секундта Мұсәділовтің жеңісімен аяқталды. Нокаутқа түскен мексикалыққа есін жию үшін орындық қажет болды.

Осылайша Серік Мұсәділов өзінің сегізінші жеңісіне қол жеткізді – бүкіл жекпе-жегін нокаутпен аяқтаған. Ал Даниэль Нахера кәсіпқой рингте алтыншы рет жеңілді.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.