{metadescription}
Қостанай облысындa карантин ұзартылды

Қостанай облысындa карантин ұзартылды

Қостанай облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері В. Нечитайлоның 2020 жылғы 5 қарашадағы № 54 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. 

Қостанай облысының тұрғындары арасында «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2020 жылғы 07 шілдедегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 9, 36, 102, 104 және 107-баптарына сәйкес COVID-19 (бұдан әрі-COVID-19) коронавирустық инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында, «Шығу және таралу қаупі төнген кезде шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілетін инфекциялық аурулардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 130 бұйрығымен және «Шектеу іс-шараларын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 239 Бұйрығымен, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 57 «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруларының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы», 2020 жылғы 23 қазандағы № 58 «Шектеу карантиндік шаралары және оларды кезең-кезеңімен жеңілдету туралы» қаулыларымен және COVID-19 жағдайларының көп санының тіркелуіне байланысты қаулыға өзгерістер енгізілді. 

1. Қостанай облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің «Шектеу карантиндік шараларын қатаңдату туралы» 2020 жылғы 5 қарашадағы № 54 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 

1) 6-тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:

«6. Осы қаулы 2020 жылғы 09 қараша сағат 00:00-ден бастап күшіне енеді және 2020 жылғы 30 қараша сағат 00:00-ге дейін қолданылады», - делінген Нечитайлоның қаулысында.

Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.    

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.