{metadescription}
Aнтисептик ішіп қойған 7 адам көз жұмды

Aнтисептик ішіп қойған 7 адам көз жұмды

Сараптама антисептик құрамында 69 пайыз метанол спирті болғанын анықтады.

Якутияның Таттинск ауданының тоғыз тұрғыны антисептикті ішімдік ретінде пайдаланған. Үш адам отырыстан соң бірден мерт болған, қалған төртеуі кеше ауруханада көз жұмды.

Мәлім болғандай 5 литр көлеміндегі антисептикті олар Томтор ауылындағы дүкеннен сатып алған. Тергеу амалдары кезінде құрамында метанол бар осындай антисептик Якутияның тағы екі ауданының дүкендерінде сатылатын болып шықты. Роспотребназдор 200 литр өнімді сатылымнан алып тастау жөнінде бұйрық шығарған.

Метанол спирті ішуге арналмаған. Оның 30 миллилитрі адам ағзасы үшін ажал құштыратын доза. Ресейдік тергеу комитеті оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғады.

Дереккөз: Baq.kz

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.