{metadescription}
Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан 8 сегіз адам қайтыс болды

Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан 8 сегіз адам қайтыс болды

Министрліктің мәліметінше, қазір коронавирустан 11 мыңнан аса науқас емделіп жатыр, олардың арасында 614 бала бар.

Өткен тәулікте коронавирус пен ковидтік пневмониядан сегіз адам көз жұмды. Бір тәулікте коронавирустан алты, ал пневмониядан екі адам қайтыс болды. Сондай-ақ, өткен тәулікте 157 қазақстандық пневмонияға шалдықты. Бірінші тамыздан бері 41 159 адам пневмониямен ауырды, 427 науқас көз жұмды.

Денсаулық сақтау министрлігінің ақпаратынша, қазір коронавирустан 11 191 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 614 бала бар. Стационарларда 3 165 науқас жатыр.  8 026 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. 214 науқастың жағдайы ауыр деп бағалануда, соның ішінде 29 адам хәл үстінде жатыр. 23 пациент жасанды тыныс алдырту аппаратына қосылған.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде