{metadescription}
Дәмханадағы жарылыстан қаза тапқан әйелдің отбасына миллион теңге төленеді

Дәмханадағы жарылыстан қаза тапқан әйелдің отбасына миллион теңге төленеді

Газ жарылысынан қаза болған Halal brothers дәмханасы жұмысшысының туыстарына 1 миллион теңге төленеді және мәйіттің Қызылордаға жеткізілуіне көмек көрсетіледі. 

Зардап шеккендердің бірінің әйелі қайғылы оқиғаның егжей-тегжейін айтты.

"Олардың бәрі баллонныңң өртеніп кеткенін білген кезде көшеге жүгіріп шықпақ болған. Қаза болған әйел, менің білуімше, қоймаға кірмекші болған, бірақ үлгермеген. Менің күйеуім, мүгедек бола жаздады. Жағдайы - орташа ауырлық дәрежесі. Дәрігерлер бұл басқаларға қарағанда қалыпты жағдай дейді", - деді ол.

Полиция "өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу" бабы бойынша тергеуді бастады. Кінәлі 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Еске салайық, 21 қараша күні түсте елорда кафелерінің бірінде газ балон жарылған.  Нәтижесінде ас үйдің төбесі құлап түсті. Жарылыс кезінде ғимаратта болған әйел ауруханада көз жұмды.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

22 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.