{metadescription}
Алматы әуежайында мас жолаушы мен бармен төбелесті

Алматы әуежайында мас жолаушы мен бармен төбелесті

Алматы әуежайында мас жолаушы мен бармен төбелесті.

Бұл видео желіде жарияланды. Көліктегі ПД хабарлауынша, бұл оқиға 23 қарашада болған.

«Көліктегі ПД Алматы желілік бөліміне Алматы халықаралық әуежайы аумағында екі адам төбелесіп жатқаны жайлы хабар түсті. Полиция екі адамның кім екенін анықтады. Олар 30-31 жастағы жолаушы мен бармен екені белгілі болды», - деді департамент өкілі.

«Алматы-Ақтау» рейсінің жолаушысы күту залындағы бар үстелінде ұйықтап қалған. Бармен оны оятқанда жолаушы тұра салысымен дөрекі мінез көрсеткен. Даудың арты төбелеске ұласқан. Залда болған басқада куәгерлер төбелескендерді ажыратып алды. 24 қарашада бармен мен бар иесі полицияға арызданды.

Медициналық куәландыру нәтижесінде жолаушының орта дәрежеде мас болғаны анықталған. Қазіргі таңда ҚР ҚК 293-бабының 1-бөлімімен бұл дерек сотқа дейінгі тергеу ісі тізіліміне тіркелді.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

22 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.