Тапшы мамандықтар рейтингінде күзетшілер көш бастады
Күзетшілер, дәнекерлеушілер және кассирлер тапшы мамандықтар қатарында көш бастады.
13:01 24.11.2020
Бір ғана Алматыда бұл мамандарға деген сұраныс ұсыныстан төрт есе жоғары болды. Ranking.kz сарапшылары елімізде қандай білікті кадрлардың жетіспейтінін анықтады. Биыл тәжірибесі бар қызметкерлерді 54%-ға жиі іздеді. Соңғы үш айда электрондық еңбек биржасында 176 мың бос жұмыс орны пайда болды. Бірақ түйіндеме шамамен үштен бірге аз болды. Қызметкерлерді Нұр-Сұлтан мен Алматыда белсенді іздеді.
Ranking.kz деректері бойынша, еліміздің ірі қалаларында өнеркәсіп және құрылыс қызметкерлері жетіспейді. Тапшы мамандықтардың қатарына күзетшілер де кірді. Тек үшінші тоқсанда жұмыс берушілер оларға 700-ден астам сұраныс жіберді. Әлеуметтік қызметкерлер мен дәнекерлеушілерді де сұраныста. Ал кассирлер мен ағаш ұсталары үшін 400-ге жуық бос жұмыс орны ашылды.