{metadescription}
Қазақстанда цифрлық валюта енгізілуі мүмкін

Қазақстанда цифрлық валюта енгізілуі мүмкін

ҚР Ұлттық банкі орталық банктің (Central bank digital currency – CBDC) цифрлық валютасын Қазақстан Республикасында енгізу мәселесін зерттеуді қолға алды.

Халықаралық есептер банкі жүргізген сауалнаманың 2020 жылдың басындағы мәліметіне сәйкес, СBDC бойынша жұмысты (зерттеу жүргізуден бастап, пилоттық жобаларды іске асыруға дейін) орталық банктердің сауалнамадан өткен 80% жүргізген.

"Қазақстан Ұлттық Банкі Қытай Халық Республикасында, Оңтүстік-Шығыс Азияның бірқатар елінде, Канадада, Сингапурда және Еуропалық Одақта цифрлық валютаны енгізу жөніндегі пилоттық жобаларда бақылаушы болып табылады. Қазір әртүрлі технологиялық инфрақұрылым мен реттеу тәсілдері ескерілетін Қазақстан Республикасында цифрлық валютаны енгізудің әр түрлі сценарийіне арналған баяндама әзірленіп жатыр. Баяндама 2021 жылдың екінші жартысында жарияланады.

Бұдан кейін құжат мүдделі мемлекеттік органдармен, халықаралық қаржы ұйымдарымен, нарық қатысушыларымен және сарапшылармен талқыға түсіп, содан кейін Қазақстан Республикасында орталық банктің цифрлық валютасын кезең-кезеңімен енгізу бойынша пилоттық жоба іске асырылады", - дейді банктегілер.

CBDC технологиясы ел аумағында төлемдердің тиімділігі мен қолжетімділігін одан әрі жетілдіру үшін қолма-қол ақшамен және қолма-қол ақшасыз төлемдердің артықшылықтарын біріктіруге тиіс. Бұл ретте цифрлық валюта төлем инфрақұрылымын әртараптандыруға арналған. Пилоттық кезеңнің қорытындысы бойынша CBDC Қытайда, Жапонияда, Канадада және Еуропалық одақ елдерінде тестілеуден өтуде. CBDC ресми деңгейде енгізу Ресей Федерациясында қарастырылып жатыр.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

22 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.